"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.04.2017 № 217 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы, қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған стандарттар, техникалық шарттар (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), дайындаушы (өндіруші) куәландырған технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер, рецептуралардың көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде:

      Еуразиялық экономикалық одағының аумағында дайындалатын өнімнің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапасы туралы куәліктің немесе дайындаушының хатының көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);

      Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнімдердің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапасы туралы куәліктің, еркін сауда сертификатының немесе дайындаушының хатының (белгіленген тәртіппен куәландырылған, орыс тілінде аудармасы бар) көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда);

      өтініш беруші куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе олардың макеттері;

      өтініш беруші куәландырған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);

      Еуразиялық экономикалық одағының аумағында дайындалатын өнім үшін үлгілер (сынамалар) алу актісі немесе Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнім үшін үлгілердің сынауға әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі;

      тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы;

      аккредиттелген зертханалардың зерттеу (сынақ) хаттамаларының көшірмелері, ғылыми есептер, сараптама қорытындылары қабылданады;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған стандарттар, техникалық шарттар (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), дайындаушы (өндіруші) куәландырған технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер, рецептуралардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері;

      дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмелері. Хабарлама ретінде:

      Еуразиялық экономикалық одағының аумағында дайындалатын өнім үшін сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапасы туралы куәліктің немесе дайындаушының хатының электрондық көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);

      Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнім үшін сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапасы туралы куәліктің, еркін сауда сертификатының немесе дайындаушының хатының (белгіленген тәртіппен куәландырылған орыс тілінде аудармасы бар) электрондық көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндіруші) құжаттарының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда);

      өтініш беруші куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған заттаңбалардың (қаптамалардың) сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері немесе олардың макеттері;

      өтініш беруші куәландырған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);

      сұрау салуға қоса тіркелетін Еуразиялық экномикалық одағының аумағында дайындалатын өнім үшін үлгілер (сынамалар) алу актісінің немесе Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнім үшін үлгілердің сынауға әкелінуін растайтын құжаттың электрондық көшірмелері;

      тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар болуы туралы дайындаушы (өндіруші) декларациясының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмесі;

      аккредиттелген зертханалардың зерттеу (сынақ) хаттамаларының, ғылыми есептердің, сараптама қорытындыларының электрондық көшірмелері қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – құжаттың көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты және қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күн көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ___________________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 28 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына 4-қосымша

"Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға
және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары
объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына,
қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың
құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі
жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкімет": www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жобаның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық ноормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, қажет болған жағдайда басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау объектінің аумақтық орналасу қағидаты бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      3) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) үшін жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру және салу жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      объектілерді орналастыруға және салуға арналған жобалау құжаттамасы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      объектілерді орналастыруға және салуға арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

      2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау, күрделі жөндеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

      3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобаның және нормативтік құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғаныш аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жобалау құжаттамасы, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеулер және су сапасының қорытындысы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жобалау құжаттамасының, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеу және су сапасының қорытындысының электрондық көшірмесі;

      5) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі құжаттама жобасы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жобаның, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;

      6) қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобалары;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобаларының электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      өкіл жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін – сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға сенімхатының көшірмесі ұсынылады (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады).

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды сканерлейді және оларды электрондық өтінішке қоса тіркейді, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжат және (не сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;

      сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      құжаттардың берілген күні;

      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда), берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымдарды қабылдауды растау оларды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтерді көрсету
ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Өмір сүру мүмкіндігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен байланысты сырқаты бар көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне шыға отырып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      Министрліктің: www.economy.gov.kz;

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектілерді салу,
реконструкциялау және кеңейту жобаларына,
қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық
аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының
жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау
жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

      нысан

      _________________________________________

      мемлекеттік органның атауы

      _________________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә.(болған жағдайда)

      _________________________________________

      жеке немесе заңды тұлғаның аты,

      мекенжайы

      _________________________________________

      (ЖСН/БСН)

      _________________________________________

      өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

      жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді

      сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

       Қолы

       күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

      3.

  "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектілерді салу,
реконструкциялау және кеңейту жобаларына,
қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық
аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының
жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау
жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

      нысан

      __________________________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда), көрсетілетін

      қызметті алушы ұйымының атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________;

      2) ____________________________;

      3) …

      мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір данадан 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы Т.А.Ә (болған жағдайда) _____________

      Тел.________

      Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __ жылғы "____" _______________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 03 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына 7-қосымша

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы
куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

      Комитет – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі бар мамандарға жоғары санатты беру үшін;

      Комитеттің аумақтық департаменттері – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі орта білімі бар мамандарға жоғары санатты, жоғары және орта білімі бар мамандар үшін екінші және бірінші санатты беру үшін көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезінде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған біліктілік емтиханын өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және маманның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және маманның біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын беру туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру. Куәлік кәсіптік даярлықты бағалаудың және әңгімелесудің оң нәтижесі болғанда беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық немесе қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;

      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі;

      бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз сертификатты алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің көшірмелері (нотариалды куәландырылған);

      2) порталға:

      тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

      біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің электрондық көшірмелері (нотариалды куәландырылған).

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      өтінішке қоса берілген құжаттардың саны;

      әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты;

      өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" әңгімелесуді өткізу күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің:www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымының портал арқылы қабылданғанын растау тіркелуі туралы хабарлама болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің
ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      нысан

Тиісті біліктілік санаты бере отырып маман куәлігі

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда))

      _____________________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандығы)

      мамандығы бойынша _________________________________ бiлiктiлiк санаты

      беріле отырып, осы куәлікті алды.

      Куәлікті беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган

      басшысының 20__ жылғы "___" ____________ № _________________ бұйрығы.

      Куәлік ___________________________________ мерзімге жарамды.

      5 жылға немесе тұрақты деп көрсету

      Тiркеу № ________________

      Берiлген күнi 20__ жылғы "___" _____________

      Басшының қолы ________________________________________

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

  "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      нысан

      _____________________________________

      _____________________________________

      (мемлекеттік органның атауы,

      басшысының Т.А.Ә (болған жағдайда)

      басшысына

      _____________________________________

      _____________________________________

      кімнен ______________________________

      _____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының,

      Т.А.Ә (болған жағдайда) ЖСН

      _____________________________________

      _____________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

      _____________________________________

      _____________________________________

Өтініш

      Сізден ________________________________________________________

      (мамандық атауы)

      мамандығы бойынша _______________________ біліктілік санаты берілетін

      біліктілік емтиханына жіберуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20___ жылғы " " __ (толтырылған күні)
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Білімі

      2. Дипломының нөмірі

      3. Дипломының сериясы

      4. Білім беру ұйымының толық атауы

      5. Түскен жылы

      6. Аяқтаған жылы

      7. Дипломы бойынша мамандығы

      8. Дипломы бойынша біліктілігі

      9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)

      Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы мәліметтер

      10. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі

      11. Қайта даярлау мамандығы

      12. Оқытушы ұйымның атауы

      13. Оқыту көлемі сағатпен

      14. Оқытудың басталуы

      15. Оқытудың аяқталуы

      Өтініш берілген мамандық бойынша санат берілген қолданыстағы маман сертификатының (куәлігінің) мәліметтері

      16. Берілген күні

      17. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      18. Берген орган

      19. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

      20. Мамандығы

      21. Біліктілік санаты

      Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер

      22. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі

      23. Жалпы медициналық жұмыс өтілі

      24. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны

      25. Атқаратын лауазымы

      Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық №

Бұйрықтың шығарылған күні














      Өтініш берілген мамандық бойынша үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға үміткердің қатысуы туралы ақпарат.

      26. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).

      27. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер;

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі;

      3) циклдің атауы;

      4) оқытушы ұйымның атауы;

      5) оқытудың басталуы;

      6) оқытудың аяқталуы;

      7) оқыту көлемі сағатпен.

      28. Мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      Уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқыту тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқытудың басталуын, оқытудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқыту көлемін атап көрсету).

      Статистикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, алғашқы есептік құжаттама деректеріне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі (үміткердің қарауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды, көрсеткіштерге қысқаша талдамалық шолуы бар көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан аспайтын мәтіндік есеп)

      Статистикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер (көлемі, сапа және тиімділік индикаторлары)

20__ жыл

20__ жыл











      Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер туралы мәліметтер (соңғы 5 жыл ішінде)

      29. Тәртіптік жазалар:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) еңбек шартын бұзу.

      30. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жазалар (бапты көрсете отырып).

      31. Көтермелеулер.

  "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

      нысан

      _______________________________________

      _______________________________________

      басшысына

      _______________________________________

      (мемлекеттік органның атауы,

      басшының Т.А.Ә (болған жағдайда).

      _______________________________________

      кімнен

      _______________________________________

      (қызметті алушының Т.А.Ә (болған

      жағдайда), ЖСН)

      Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

      _______________________________________

      _______________________________________

Өтініш

      Сізден _____________________________ мамандығы (мамандық атауы)

      бойынша ____________________ біліктілік санатын бере отырып

      мерзімсіз маман куәлігін беруді сұраймын.

      1) __________________ мамандығы бойынша ___ жылғы "___" № _____

      сертификат (куәлік).

      2) __________________ мамандығы бойынша ____ жылғы "___" №

      _____сертификат (куәлік).

      3) ________________ мамандығы бойынша ___ жылғы "___" № _______

      сертификат (куәлік).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20_ жылғы " " __ ________ (толтырылған күні)
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      Біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш маман сертификаты (куәлігі) туралы мәліметтер:

      № 1 сертификат (куәлік)

      1. Берілген күні

      2. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      3. Берген орган

      4. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

      5. Мамандығы

      6. Біліктілік санаты

      № 2 сертификат (куәлік)

      7. Берілген күні

      8. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      9. Берген орган

      10. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

      11. Мамандығы

      12. Біліктілік санаты

      № 3 сертификат (куәлік)

      13. Берілген күні

      14. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      15. Берген орган

      16. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

      17. Мамандығы

      18. Біліктілік санаты

      Үміткердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.

      19. Соңғы 5 жылда жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері)

      20. Соңғы 5 жылда жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      1) біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер

      2) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі

      3) циклдың атауы

      4) оқытушы ұйымның атауы

      5) оқытудың басталуы

      6) оқытудың аяқталуы

      7) оқытудың көлемі сағатпен

      21. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқыту тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқытудың басталуын, оқытудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқыту көлемін атап көрсету).