"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13295 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 67 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 22.02.2017 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 461 бұйрығының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11126 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ак тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күніне кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан ерте емес.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      2016 жылғы 28 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы
көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.

      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган).

      3) ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;

2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
іріктеу тәртібі

      3. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар 20 ақпаннан кешіктірмей уәкілетті органға Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді қосудың орындылығы туралы осы Қағидаларға ұсыныстарды 1-қосымшаға сәйкес, сонымен бірге мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін схема ретінде 2-қосымшаға сәйкес ұсынады.

      4. Уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жалпы мониторингінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау, сондай-ақ өз талдауының нәтижелерін ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның қарауы үшін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.

      5. Уәкілетті орган жыл сайын 30 наурыздан кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға енгізеді.

      6. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган он күнтізбелік күн аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің оң немесе теріс қорытындысын уәкілетті органдарға ұсынады.

      7. Уәкілетті орган жыл сайын 20 сәуірден кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.

      8. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің орындылығы туралы оң және (немесе) теріс ұсыныстар шығарады.

      9. Уәкілетті орган жыл сайын ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын орындылығы туралы шығарғаннан кейін 10 мамырдан және 10 қазаннан кешіктірмей ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) мүдделі мемлекеттік органдарға, сонымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті органға хаттаманы белгіленген уақытта ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге дейін тиісті өзгерістер енгізу кейінге қалдырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің орындылығы туралы теріс ұсыныс отырыс күнінен бір жыл ішінде қолданыста болады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған хаттама негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және (немесе) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      Уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін үш ай мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру бойынша шараларды қабылдайды.

  Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге
жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
іріктеу қағидаларына
1-қосымша

       Нысан

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету үшін мемлекеттік
қызметтерді қосудың орындылығы туралы ұсыныстар

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміндегі нөмірі

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өтініштер қабылдауды және рәсімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/ қағаз түрінде), мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны

Ескертпе (егер мемлекеттік қызметті енгізу орынсыз болса, негіздеме)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге
жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
іріктеу қағидаларына
2-қосымша

       Нысан