Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13249 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптар бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілейтін қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 237 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7957 тіркелген, 2012 жылғы 7 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 729-734 (27806) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                             Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 31 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына
әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын
талаптар, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық
талаптар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.
      2. Талаптарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) бет және сырт жағындағы түсті бейнелер – түсі солғын бояулармен басылған жұқа сызықтардан құралған тор (бір-бірімен қиылысқан екі-үш гильошир торлар) түрінде салынған сурет. Негізгі түс тұйықталған, жеткілікті ашық жер қалдыру және элементтер арасында байланыс болу үшін қажет. Қалыңдықтары біркелкі негізгі түс сызықтарынан құралған сурет ою-өрнек сипатында берілген;
      2) гильошир элементтерi – вексель қағазын көркем безендiруде айшықты құрал қызметiн атқаратын және ашық түсте – күңгiрт немесе күңгiрт түсте – ашық етiп салынған эллипс түрiндегi және басқа нысандағы тұтас сызықтар болып келетiн жiңiшке тор iспеттес ою-өрнек немесе белдеулер түрiнде орындалған орнықты қорғаныш элементтерi. Ою-өрнек иректермен айналдыра көмкеріледі және әлдеқайда күрделі тұйықталған бірнеше қисық сызықтар салу жолымен жасалады, ал белдеулер алаңдағы белгiлi бiр жерді алып тұратын тұйықталған қисық сызықтардан құралады;
      3) иристік басу – бір нысандағы екі түсті басу, алынған бейнелерде бір түс екінші түске жалғаса ауысады;
      4) микромәтiн – сөздердiң арасына ашық жер қалдырылмай жазылған, әрiптердiң биiктiгi 0,2 - 0,3 миллиметрден аспайтын жолдар, ол қандай да бiр суреттi көмкерiп тұратын немесе жиектің өзі ретінде қолданылатын, сондай-ақ негiзгi түс түрiнде құрастырылатын жиек элементтерiнiң ортасына орналастырылады;
      5) нөмірлеу – ультракүлгін жарықпен сәулеленетін қара түсті бояумен жоғары сапалы басу тәсілімен басып шығару;
      6) штрихті сурет – белгiлi бiр бөлiктерiн қарайтуға болмайтын нәзiк штрихтер арасы барынша жақын етiп салынған сурет.
      3. Вексель қағазын Қазақстан Республикасының аумағында шығару немесе әкелу вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарға және вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптар полиграфиялық қорғаныш нысанда болуында.
      Вексель қағазының (вексель бланкісінің) полиграфиялық қорғаныш нысаны мынадай қорғаныш дәрежелерінен тұрады:
      1) гильошир элементтері;
      2) бет және сырт жағындағы түсті бейнелер;
      3) штрихті сурет;
      4) микромәтін;
      5) иристік басу;
      6) нөмірлеу.
      5. Вексель қағазына қойылатын техникалық талаптар физикалық-химиялық қорғаныш нысанда болуында.
      Физикалық-химиялық қорғаныш нысаны вексель қағазына қойылатын мынадай техникалық талаптардан тұрады:
      1) қағаздың ұзын торлы немесе дөңгелек торлы сутамғы белгiсi;
      2) қағаздағы көзбен көріп байқауға болатын арнайы талшықтар;
      3) қағаздағы спектрдің ультракүлгін аймағында көзбен көріп байқауға болатын арнайы талшықтар;
      4) қорғаныш (пластик, магниттi, металл қосылған) жiптердiң болуы;
      5) индикаторлық қоспалардың болуы;
      6) вексель қағазы жарық түскен кезде сәулеленiп тұрмауға тиiс.