"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 41 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі - ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оку орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін, деректерді берудің ведомстволық желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;
2) кейстік технология - оқу-әдістемелік материалдар (қағаз және электрондық тасымалдағыштарда) жиынтығын (кейстерді) жинақтауға және оларды дербес зерделеу үшін білім алушыларға таратуға негізделген технология;
3) тренингтік технология - ахуалдық-тренингтік оқыту әдістерін қолдануға негізделген технология;
4) оқу-вахталық технология - сабақтарды өткізу үшін ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқытушылардың уақытша баруын көздейтін технология;
5) қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиясы - электрондық тасымалдағыштарда оқу материалдарын жасау, беру және сақтау технологиясы;
6) "оn-lіnе" технологиясы - телекоммуникациялық орта арқылы нақты уақыт режимінде ақпарат алмасу;
7) "оff-lіnе" технологиясы - еркін уақыт кеңістігінде ақпарат алмасу;
8) тестілеу кешені - білім беру процесінің барлық кезеңдерінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесін айқындау үшін арналған тестілеу кешені;
9) білім беру технологияларын іске асыратын білім беру ұйымының интернет-ресурсы – білім беру процесінің қатысушыларына арналған әкімшілік-академиялық ақпаратты қамтитын интернет-ресурс;
10) мультимедиялық курс - оқу процесінің барлық құрамдастарын қамтитын (интерактивті материалдар, толықтырылған бейне- және
аудиоматериалдар) цифрлық және ұқсас нысанда ұсынылған логикалық
тұрғыдан байланысты құрылымдастырылған дидактикалық бірліктер кешені.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру тәртібі
3. ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім беру технологияларын (бұдан әрі - БТ) қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру үшін желілік, кейстік, тренингтік, оқу-вахталық технологиялары қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. БТ-ны қолдана отырып оқытуды ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орынның тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – ӘОО құрылымдық бөлімшесі) жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. ӘОО құрылымдық бөлімшесі:
1) БТ-ны қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүйемелдеуді;
2) БТ-ны қолдана отырып оқу процесін жоспарлауды және ұйымдастыруды;
3) БТ-ны қолдана отырып сабақ өткізетін оқытушылардың біліктілігін арттыруды жоспарлауды;
4) электрондық оқу басылымдарын, мультимедиялық курстарды әзірлеуде, сатып алуда және меңгеруде консультациялық көмекті, тестілік кешендерді және білімдерді бақылаудың басқа да құралдарын әкімшілендіруді;
5) БТ үшін ақпараттық ресурстарды қолдану әдістемесін әзірлеуді;
6) БТ-ның бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлеуді және пайдалануда қолдауды;
7) ӘОО интернет-ресурсында БТ-ны пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі қажетті ақпаратты орналастыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Іріктеу, қабылдау тәртібі "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. БТ-ны пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру технологияларының ерекшеліктері жұмыстық оқу бағдарламаларында ескеріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. БТ-ның (кейстер, мультимедиялық курстар, тестілік кешендер) ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін іске асыру үшін оқу-әдістемелік материалы қосымша әзірленеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. БТ-ны пайдалана отырып оқу процесін жүзеге асыру үшін ӘОО-ның құрылымдық бөлімшесі:
1) БТ-ны іске асыру бойынша оқытушыларды, мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
2) оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жаңалау үшін профессорлық-оқытушы құрамына жағдайлар жасайды;
3) білім алушыларға ақпараттық технологиялар арқылы немесе қағаз жеткізгіштерде бар (рұқсат етілген) пошта жүйелері арқылы оқу материалдарын жеткізеді;
4) "оn-lіnе" режимінде консультациялар ұйымдастырады және өткізеді;
5) "оff-lіnе" режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады;
6) "оn-lіnе", "оff-lіnе" режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылайды;
7) қашықтықта оқытудың ақпараттық технологияларын қолдана отырып, мультимедиялық курстарды (соның ішінде бейнедәрістер) әзірлеуді ұйымдастырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. БТ "оn-lіnе", "оff-line" режимінде оқу сабақтарын өткізуге негізделеді.
Оқу процесі:
1) оқытушының білім алушымен желілік, кейстік, тренингтік, оқу-вахталық технологияларды қолдана отырып педагогикалық қарым-қатынасы;
2) білім алушының оқу құралдарымен (оқу-әдістемелік кешен, мультимедиялық курстар, қосымша әдебиет) өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. "On-line" режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режимінде өзара оқыту іс-қимыл процесін (интернет желісі арқылы хабарламалармен алмасу арқылы бейнеконференция, телефон байланысы арқылы келіссөздер) көздейді.
13. "Off-line" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы электрондық пошта, білім алушының оқулықпен, кейстермен, кейіннен межелік және/немесе қорытынды бақылауды тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша басқа оқу-әдістемелік материалдармен жұмысы арқылы болатын өзара оқыту іс-қимыл процесін көздейді.
14. Білім алушылар үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттау жұмыстық оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Үлгерімді ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізуге мыналар:
1) телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, "оn-lіnе" режимінде білім алушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы;
2) тестілік кешендер;
3) жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру арқылы жол беріледі.
16. Білім алушылар пән бойынша аралық аттестаттауға жұмыстық оқу бағдарламасымен белгіленген барлық бақылау іс-шараларын орындағаннан және тапсырғаннан кейін жіберіледі.