Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13157 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 413 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.09.2022 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 6-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қaзaнғaп) қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттық орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 25 қаңтардағы № 60
бұйрығымен бекітілді

Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңдарымен және (немесе) соттың заңды күшіне енген шешімдерімен тыйым салынған ақпараттың таралуын шектеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыруға таралады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік, жалғаным жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

      2) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.

2. Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      4. Телекоммуникациялар желілерінде заңнама талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы олардың құзыреттері шегінде жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік органдар телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңдарымен және (немесе) соттың заңды күшіне енген шешімдерімен тыйым салынған ақпарат таралған жағдайда уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарламаны жібереді.

      6. Байланыс және пайдаланылатын технологиялардың түріне қарай хабарламада Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратты тарату үшін қолданылатын деректер беру желісіндегі мекенжайлар, кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер және абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтары көрсетіледі.

      7. Хабарламалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған іс-қимыл түрін жасасуға уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының (адамдарының) қолы қойылып жіберіледі, олардың тізімі уәкілетті органға мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасарының қолы қойылып жіберіледі.

      8. Хабарлама алынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган хабарлама жіберген мемлекеттік органды және телекоммуникациялар желілерінде ақпаратты орналастырған тұлғаны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.

      9. Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу электрондық құжат айналымы жүйесі мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жүзеге асырылады.

  Телекоммуникациялар желілерінде
Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтау мәселелері бойынша
мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл
жасасу қағидаларына
қосымша

      Нысан

      ____________________________

      ____________________________

      (Уәкілетті органның атауы)

ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығымен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңдарымен және (немесе) соттың заңды күшіне енген шешімдерімен тыйым салынған ақпарат туралы мәліметтерді жібереміз.

      1. Бұзушылық түрі _________________________.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің нормасы

      ____________________________________________________________________.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық тізімі (деректер беру желісіндегі мекенжайлар (IP-адрес) және (немесе) домендік атау және (немесе) интернет-ресурсты және (немесе) оны интернет-парақшасын сәйкестендіруші, интернет-ресурспен пайдаланатын деректер беру желісінің хаттамасы, абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтары (MAC-құрылғы мекенжайы, IMEI-байланыс құралының коды)1:

      1) ________________________;

      2) ________________________;

      3) ________________________;

      4) ________________________.

      Осы хабарламада көрсетілген мәліметтердің заңдылығы мен негізділігін куәландырамын,

      Уәкілетті лауазымды адам ________ _____________________________

      (лауазымы) (қол таңба) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      1 Ескерту: бағандар саны хабарламаға енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылыққа байланысты