"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13156 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 215 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 251 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12.08.2015 жылы № 5097 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газет баспасының 19.08.2015 жылы № 63 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Н. Өмірсерікұлы