Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.06.2023 № 227 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.03.2016 ж.бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға";
2) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
3) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
4) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
9) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құратын мемлекеттік мекеме.";
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мынадай құжаттармен тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорацияға не кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді:";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін, оның қатысуымен уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сұрау салуды қалыптастырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесінде жоқ электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асыратын уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация түпнұсқада берілген құжаттарды сканерден өткізеді, олардың түпнұсқалығын куәландырады, содан кейін өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге қайтарады.
Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен бір жұмыс күні ішінде электрондық түрде уәкілетті органға жібереді. Электрондық өтінім Мемлекеттік корпорация маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
Уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
10-тармақ алып тасталсын;
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке өзіне не Мемлекеттік корпорация не кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлама береді.";
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін." жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.";
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін." жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.";
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін." жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.";
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін." жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.";
"1. Уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН-і бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН-і бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:";
"Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан және ЕДБ АЖ-дан сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен, ЕДБ-мен, сондай-ақ уәкілетті органның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады." жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан және ЕДБ АЖ-дан сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органның ЭЦҚ-сымен куәландырылады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 6-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ.Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрінің | |
міндетін атқарушы | Б. Нұрымбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 22 қаңтар
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 14 бұйрығына қосымша |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 6-1-қосымша |
Нысан
_________________________________
(Өтініш берішінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________
(өтініш берушінің мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________ _______
(жауапты адам) (қолы)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ___________
Телефон__________
Алдым: өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)/қолы __________________________________________________
20 ____ жылғы "___" ______________