"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13086 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.";

      45-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов