"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13066 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакциада жазылысын:
      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Алтын белгі» белгісі туралы ережедегі:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 8-3) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым Министрі                  А. Сәрінжіпов