"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 ақпанда № 13003 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      ""Б" корпусындағы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3164 тіркелген, 2015 жылғы 9 мамырдағы аудандық "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Оралбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі С.Сапарбаев