Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-2 "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 36-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 4206 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 37-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 15.04.2016 № 3-26-VI шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шардара аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасының
      өкілеттігін атқарушы Т.Бердібеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Бердібеков