Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 50-291-V "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 3-26-VI шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 50-291-V "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3483 тіркелген, 2016 жылғы 4 қаңтарда "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы З.Талбидин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Муталиев