Қаратөбе аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-2 "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 35-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қазанда № 4095 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 2-12 шешімімен

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағалары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 7 қазан

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі 
№ 18-05/839 бұйрығына қосымша

Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасы

Өнімнің атауы

Қосылған құн салығы есепке алынбай, 1-сортты өнімнің 1 (бір) килограмына баға (теңге)

1

2

3

1

Мұздатылған бекіре тұқымдас балық (қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай)

1 555,8

2

Салқын ыспен ысталған бекіре тұқымдас балық (қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай)

5 290,7

3

Қортпаның уылдырығы

164 181

4

Бекіренің уылдырығы

140 661,5

5

Шоқырдың уылдырығы

56 695,9