Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 4197 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақсуат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылының мынадай көшелері:
      "Казахстанская" көшесі – "Қазақстан" көшесі;
      "Жағалау 1" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "Жағалау 2" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Мир" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Чапаев" көшесі – "Ақжайық" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Д. Бекен