Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына (Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қазанда №3097 тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Т.Р. Нығметов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №374 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |