Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 87 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 3908 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 349 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. Ғ. Қуаншалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 7 сәуірдегі № 87
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үкіметінің қаулысы) сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2. Сыныптау тәртiбi және шарттары

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын заңнамаларда белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) автомобиль жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу туралы материалдарды келісуге жiбереді.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Автомобиль жолын Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган өтiнiштi барлық кемшiлiктердi жою үшiн қайтарады.
      4. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болады.
      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi. Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
      5. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнің бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесі әрiптер жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, Үкіметтің қаулысына сәйкес белгiленедi.
      Бұл ретте Батыс Қазақстан облысы "L" әрпімен белгiленедi.
      Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолы индексінің "КL" әріптерінен кейiн келесiдей әріптер меншiктеледі:

  №  
р/с

Батыс Қазақстан облысы
аудандарының атаулары

Индекстегi
әріптің атауы

1

Ақжайық ауданы

AK

2

Бөкей ордасы ауданы

BK

3

Бөрлі ауданы

BR

4

Жаңақала ауданы

ZN

5

Жәнібек ауданы

ZB

6

Зеленов ауданы

ZL

7

Казталов ауданы

KT

8

Қаратөбе ауданы

KR

9

Сырым ауданы

SR

10

Тасқала ауданы

TS

11

Теректі ауданы

TR

12

Шыңғырлау ауданы

CH