Шемонаиха ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 ақпандағы № 23/7-ІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 34/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда № 4320 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 45/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 45/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шемонаиха ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 ақпандағы № 23/7-ІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-25 болып тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2006 жылғы 17 наурыздағы № 17 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н. Серохвостова
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2015 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 34/3-V шешіміне қосымша
  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 24/6-V шешіміне қосымша
  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 8/8-V шешіміне қосымша
  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2006 жылғы 14 ақпандағы
№ 23/7-III шешіміне қосымша

Шемонаиха ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтың

Аймаққа кіретін кадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
 

І
 

05-080-03 бұрынғы Ленин атындағы колхоз

 
1,5
 

05-080-005 бұрынғы "ХХ съезда КПСС" атындағы колхоз

05-080-022 бұрынғы "Шемонаихинское"АШК

05-080-010 бұрынғы "Родина" атындағы колхоз

ІІ
 

05-080-034 бұрынғы "Михайловское" АҚ

1,5

05-080-020 бұрынғы "Белокаменское" АШК

05-080-007 бұрынғы "Аврора" колхозы

ІІІ
 

05-080-012 бұрынғы Свердлов атындағы колхоз

1,4

05-080-014 бұрынғы Киров атындағы колхоз

05-080-036 бұрынғы "Краснопартизанское" АҚ

IV

05-080-025 бұрынғы "Верх-Уба"АҚ

1,3

05-080-017 бұрынғы 1 Май атындағы колхоз

V

05-080-031 бұрынғы "Убинское" АҚ

1,3

VI

05-080-027 бұрынғы "Большереченский" қосалқы шаруашылығы

1,3