РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 29 қазандағы № 403 ұсынысына сәйкес, Айыртау ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Айыртау ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісіне (Т. Жеңісхан) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.