Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда N 4316 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 29 қазандағы № 403 ұсынысына сәйкес, Айыртау ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Айыртау ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісіне (Т. Жеңісхан) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Округ әкімі С. Калелова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Ұлан аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Б. Куреншинов
      "14" желтоқсан 2015 жыл
      Айыртау ауылдық округі ветеринариялық
      пунктінің меңгерушісі Т. Жеңісхан
      "14" желтоқсан 2015 жыл