Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 389 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 4058 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 15.02.2016 № 116 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      2. Зайсан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 311 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3375 нөмірімен тіркелген, "Достық" газетінің 2014 жылғы 2 шілдедегі нөмірі 52 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Сапарғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы М. Сапарғалиева