Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" № 389 қаулысының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы N 116 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" № 389 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4058 нөмірімен 2015 жылғы 27 шілдеде тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 76 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
      Аудан әкімі А.Оңдақанов