"2015-2017 жылдарға арналған Глубокое ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 38/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 4040 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 41/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 239 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 197 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қой және ешкі малдары арасында анаэробты энтеротоксемия ауруы тіркелген Төлеби, Балуан Шолақ ауылдық, Бірлікүстем селолық округтеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Б. Қайранов, шектеу режимі аумағында тиісті іс-шаралар атқарылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балқыбековке жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

      "Қой және ешкі малдары арасында анаэробты энтеротоксемия ауруы тіркелген Төле би, Балуан Шолақ ауылдық, Бірлікүстем селолық округтеріне шектеу режимін қою туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдегі № 264 қаулысына келісім парағы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Е.Б. Иманбаев
      15.07.2015 жыл
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      С.Т. Таңсықов
      15.07.2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Жамбыл облысы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      М.А. Болотин
      15.07.2015 жыл