"2015-2017 жылдарға арналған Глубокое ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 наурызда № 3720 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 41/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 23.12.2015 N 41/2-V шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2015-2017 жылдарға арналған Глубокое ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3624 болып тіркелген, 2015 жылы 20 қаңтарда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2, 3 - тармақтарына сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар бюджет қаражаты есебiнен белгiленсін.".
      2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Ф. Сатаева
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов