"2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 4052 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 33/3-V шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы 26/3-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3700 болып тіркелген, 2015 жылғы 1-7 наурыздағы № 9 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің кіріспесі жана редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Белібаев
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы