Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 9028 "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 11216 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 4001 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804 - баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 30 жел-тоқсандағы № 9028 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3668 тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
       15-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын:
      Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзғаны;
      Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзғаны;
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны;
      мерзімді баспасөз басылымдарының, теле – және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзғаны;
      шығарылым деректерін хабарлау тәртібін бұзғаны;
      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жасау;".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы В. Головатюк