"2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 24/289-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 07 қазандағы N 32/379-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қазанда N 4173 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 09 желтоқсандағы N 34/406-V шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерінде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін арттыру туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/331-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3951, 2015 жылғы 3 маусымдағы № 62 (17151) "Дидар", 2015 жылғы 2 маусымдағы № 63 (19662) "Рудный Алтай" газеттерінде, 2015 жылғы 9 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Е. Құттыбаев
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк