"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды 2015 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі N 184 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда N 4099 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2–тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9987) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды 2015 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3886, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 47 (17136) "Дидар", 2015 жылғы 28 сәуірдегі (19647) № 48 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы С. Омаров

      2015 жылғы "30" 07.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "29" шілдедегі
№ 184 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 74 қаулысына 1 қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2015 жылға арналған субсидиялардың көлемдері


Субсидиялау бағыттары

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 000
2 000
6 000
Барлық сома:
 
 
 
6 000

Етті ірі қара мал шаруашылығы

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас
18 000
129 918
2 338 524

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
20 000
21 500
430 000

3)

жалпы табындарда етті асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу
бас
104 000
100
10 400

3.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас
154 000
2 500
385 000

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан)
бас
200 000
993
198 600

3)

импортталған асыл тұқымды селекциялық ірі қара мал
бас
118 000
150
17 700

4.

Сиыр етін өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей
кг
300
113 180
33 954

2)

2 деңгей
кг
170
150000
25 500

3)

3 деңгей
кг
100
4 506000
450 600

5.

Бұқашықтарды өндірудің бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу

бас
24 000
5 100
122 400

Барлық сома:

 
 
 
4 012 678

Сүтті ірі қара мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
20 000
11 400
228 000

2.

Сүт өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей
кг
25
21 200 000
530 000

2)

2 деңгей
кг
15
14 070000
211 050

3)

3 деңгей
кг
10
11 000000
110 000

Барлық сома:

 
 
 
1 079 050

Етті құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата –енелік нысандағы етті асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу

бас
300
203,3
60 990

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей
кг
70
21 191 600
1 483 412

2)

2 деңгей
кг
66
8 779 000
579 414

3)

3 деңгей
кг
50
4 200 000
210 000

Барлық сома:

 
 
 
2 333 816

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы
бас
1 500
155 995
233 992,5

2.

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас
8 000
19 251
154 008

3.

Биязы жүн өндіру құнын арзандату
кг
130
42000
5 460

Барлық сома:

 
 
 
393 460,5

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас
40 000
1 000
40 000

2.

Қымыз өндіру құнын арзандату
кг
60
2 000000
120 000

Барлық сома:

 
 
 
160 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу

бас
15 000
65
975

2.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату
кг
98
740000
72 520

Барлық сома:

 
 
 
73 495

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Асыл тұқымды маралдарды (бұғыларды) сатып алу

бас
30 000
200
6 000

2.

Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бас
14 708
3 171
46 640

Барлық сома:

 
 
 
52 640

Бал ара шаруашылығы

1.

Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бал ара ұялары
2 369,27
11 000
26 062

Барлық сома:

 
 
 
26 062
Жиыны:
 
 
 
8 137 201,5