Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 210 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 3184 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 2 маусымдағы № 198 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 02.06.2016 № 198 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің уақытша
міндетін атқарушы
М.Пернебеков

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 210 қаулысына
№ 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
Республикалық бюджет есебінен
Жергілікті бюджет есебінен
1
5950
4577
1373

 
  Төлеби ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 210 қаулысына
№ 2 қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
Балабақша
Мектеп жанындағы шағын орталық
18375,8
13500
6061

 
  Төлеби ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 210 қаулысына
№ 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп шығыс)
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге(көп шығыс)
337,35
7084,35

      
      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.