"2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 579 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтстүік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 710 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 3514 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 234 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 579 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Парманов