Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 247 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 3339-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйекте "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-тармағы алынып тасталсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсiн.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
Е.Айтаханов | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев |