Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 282 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қазанда № 3352 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.06.2019 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.06.2019 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 64 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2643 болып тіркелген, 2014 жылы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Айтаханов
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қыркүйек № 284 қаулысына
1-қосымша

"Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Алып тасталды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.06.2019 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйек
№ 284 қаулысына 2-қосымша

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.06.2019 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі) "Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауабы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының порталға электрондық цифырлық қолтаңбасымен (әрі қарай – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы электронды цифрлық қолтанбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (әрі қарай – САЖ) субсидиялау өлшемшарттарын тексеру үшін өтінім қалыптастырады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық хабарлама;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен бір жұмыс күні ішінде өтінімнің қабылданғанын растайды. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаның көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілуі;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жаупты орындаушысы өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде САЖ-да "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: САЖ субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастыру;

      асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу фактісі бойынша:

      4) қаржы институты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағыі № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 20-нысан бойынша жасалған кредит беру шартының шеңберінде көрсетілетін қызметті берушеге Субсидиялар арнайы шотқа қаражат аударуға өтінім береді;

      5) көрсетілетін қызметті беруші өтінім САЖ-да тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде субсидиялар төлемді немесе асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға арналған кредитті кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып), жасалған шарт шеңберінде Қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі арнайы шотына аударады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) сипаттамасы осы регламенттің 2 -бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігін және сапасын арттыруды
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу фактісі бойынша

Қаржы институты

Қызмет беруші

бір жұмыс күні ішінде өтінімнің қабылданғанын растайды

өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде САЖ-да "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағыі № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 20-нысан бойынша жасалған кредит беру шартының шеңберінде көрсетілетін қызметті берушеге Субсидиялар арнайы шотқа қаражат аударуға өтінім береді

өтінім САЖ-да тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде субсидиялар төлемді немесе асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға арналған кредитті кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып), жасалған шарт шеңберінде Қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі арнайы шотына аударады