"Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 51 қаулысы. Оңтістік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 3089 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 343 қаулысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 343 "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2879 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 қарашасында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      "Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату" деген 5-тарауы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
      интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
      С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      Е. Айтаханов
      С. Қаныбеков
      С. Тұяқбаев
      Е. Садыр
      Р. Исаева
      А. Абдуллаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы "06"
наурыздағы № 51 қаулысына
қосымша

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекеме тізбесі:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Табиғат қорғау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.