Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №212 "Индер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 62 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 3132 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 108 қаулысымен (алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 212 "Индер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (әрі қарай - Қаулы) қосымшаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2945 болып тіркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2014 жылғы 3 шілдесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес "42, 43" жолдарымен толықтырылсын;
      2) мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтінінде "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі бүкіл мәтінінде "аульного" деген сөз "сельского" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 25-жолдағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Атырау облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті Индер ауданының аумақтақ бөлімі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Атырау облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің сот актілерін орындау бойынша филиалы- "Индер аумақтық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 29-жолдағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Атырау облысы бойынша салық департаментінің Индер ауданы бойынша салық басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстарылсын;
      5) 30-жолдағы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау облыстық филиалы Индер аудандық бөлімі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6) Қаулының 2-қосымшасында 1, 3 жолдардағы "1,0" деген сандар "1,5" деген сандармен ауыстырылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан
      "КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысының кәсіпкерлер
палатасының Индер ауданы
бойынша филиалының директоры:
М. Тасыбаев
"6" наурыз 2015 жыл
      "Атырау облысы Мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама
басқармасының Индер ауданы
мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы:
"6" наурыз 2015 жыл
Н. Игалиева

  Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "6" наурыздағы № 62 қаулысына қосымша

Ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері


Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
42
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының Индер ауданы бойынша филиалы
Шабарман, электронды есептегіш машинасының операторы
43
"Атырау облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Индер ауданы мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шабарман, электронды есептегіш машинасының операторы