"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 373 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда № 3422 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "18" желтоқсандағы № 373 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "18" желтоқсандағы № 373 қаулысымен бекітілген

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары - ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлімдермен (бұдан әрі – бөлім) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс – қимылды бастау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/423 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11705 болып тіркелген) бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар – жағармай материалдарының және көктемгі – дала мен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға өтінім негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлім қызметкері құжаттар топтамасымен өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркеуді жүргізеді және бөлім басшысына жолдайды - 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут ішінде;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы өтiнiм мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – ВАК) қарауға ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      4) ВАК бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5) бөлімнің жауапты орындаушысы егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскіндердің болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында екі апта мерзімде ВАК-тің (келісім бойынша) көрсетілетін қызметті алушылар шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады, өскіндердің болуын шолып тексеру;
      6) ВАК тексеру қорытындылары бойынша өткен жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, көрсетілетін қызметті алушының егістіктері мен екпелерін қабылдау актісін (бұдан әрі – қабылдау актісі) жасайды және аудан (Атырау қаласы) әкіміне (бұдан әрі - әкім) бекітуге жолдайды - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      7) әкім көрсетілетін қызметті алушының қабылдау актісін қарайды және бекітеді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      8) ВАК қабылдау актісі және көрсетілетін қызметті алушының бөліміне ұсынған құжаттарының негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізім жасайды және әкімге бекітуге жолдайды;
      9) әкім көрсетілетін қызметті алушылар тізімін бекітеді және бөлім басшысына жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      10) бөлім басшысы "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма) әкiм бекiткен көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмін, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмірі көрсетілген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасын жолдайды - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      11) басқарма қызметкері қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және басқарма басшысына жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;
      12) басқарма басшысы құжаттармен танысады және басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды - 1 (бір) сағат ішінде;
      13) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттардың дұрыстығын тексереді, субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады және басқарманың қаржы бөліміне жолдайды – 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде;
      14) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді, төлем шоттарын қалыптастырады және басқарма басшысына субсидиялар төлеуге арналған ведомость пен төлем шоттарын қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде;
      15) басқарма басшысы ведомостьке және төлем шоттарына қол қояды және басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды - 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде;
      16) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарының тізілімі мен екі данада төлем шоттарын ұсынады – 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) бөлімнің қызметкері;
      2) бөлімнің басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) ведомствоаралық комиссия (ВАК);
      5) аудан әкімі;
      6) басқарма қызметкері;
      7) басқарма басшысы;
      8) басқарманың жауапты орындаушысы;
      9) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 - қосымшасында, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2 - қосымшасында келтірілген.

  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметтін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы