Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының білім беру мекемелеріндегі 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 39 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының білім беру мекемелеріндегі 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 3167 болып тіркелді, 2015 жылғы 27 наурызда аудандық "Мағжан жұлдызы" № 14 газетінде, 2015 жылғы 27 наурызда "Вести" аудандық № 14 газетінде жарияланды) қаулысының;
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 95 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 39 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының білім беру мекемелеріндегі 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 3213 болып тіркелді, 2015 жылғы 24 сәуірде аудандық "Мағжан жұлдызы" № 18 газетінде, 2015 жылғы 24 сәуірде аудандық "Вести" № 18 газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Ш. Рамазановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а | Ж. Есдәулетов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 159 қаулысына қосымша |