1. 2016 жылдың қантарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.