Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №4/1045 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 1/73 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 1146 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.04.2017 № 2/133 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 4/1045 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1118 тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
       15 тармақтағы "2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" сөздері алынып тасталсын;
       15 тармақтың 13), 22) және 23) тармақшалары алынып тасталсын;
       16 тармақтағы "2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" сөздері алынып тасталсын;
       16 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
       17 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
       21 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.
      . "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов