Павлодар ауданында 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 369/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 4884 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 148/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 239 қаулысымен.
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1, 2 пайызы мөлшерінде;
      2) Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1, 2 пайызы мөлшерінде.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
       3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Дәулет