Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 308 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 6133 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Маяк" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;";
      1-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Өтеулин