Әкімдіктің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 62 "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 272 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 6187 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 29.09.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 62 "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5530 тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "3-1) Меңдіқара ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Ионенко