"Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 212 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қазанда № 5924 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121–V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бесқоспа селолық округі әкімінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 11 "Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-142 болып тіркелген, 2011 жылғы 06 мамырда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін :
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бесқоспа ауылдық округінің әкімі Т. Габбасов