Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде № 3-3-142 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округінің әкімінің 03.09.2015 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) Николай Кортюково;
      2) Евгений Дмитриенко;
      3) Есболай Мусин;
      4) Шоқан Уалиханов;
      5) Әлия Молдағұлова;
      6) Қамрадин Нургалиев;
      7) Сағи Сарин;
      8) Сүндет Мынтаев.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бесқоспа ауылдық округінің әкімі А. Бошанов