Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 5433 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 464 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 04.05.2016 № 464 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5140 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "21-1) патронаттық тәрбиешілердің ағымдағы шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлейді;";
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "19) Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.";
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 2 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Скаредина