Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 464 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 мамырдағы № 464
қаулысына қосымша

Рудный қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулылырының тізбесі

      1. "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5140 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).
      2. "Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 12 ақпандағы № 189 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5433 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 cәуірде "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
      3. "Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1777 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6190 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).