Облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 2 шілдедегі "Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында" бірлескен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 472 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6183 болып тіркелді

      «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 41000 (қырық бір мың) теңге (ҚҚС төлеушілер үшін) және 36607 (отыз алты мың алты жүз жеті) теңге (ҚҚС төлемейтіндер үшін) мөлшерінде сатып алу бағасы белгіленсін.
      2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1277 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 78, 677-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов