Маңғыстау облысы әкімдігінің және Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір қаулылары мен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 384 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/450 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 2939 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 361 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 39/450 «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтықактілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2118 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2011 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулы мен шешімнің қосымшасындағы кестедегі «селолар» деген сөз «ауылдар» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 307 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/92 «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 361 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 39/450 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2194 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулы мен шешімнің қосымшасы осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3.лМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
      Сессия төрағасы                         М. Ибағаров
 
      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                 Б. Жүсіпов
 

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 384
қаулысына және Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/450 шешiмiне қосымша

Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төленетiн төлемақының базалық ставкалары

Әкiмшiлiк - аумақтық бiрлiк

Базалық ставка (теңге)

Ақтау қаласы

1.

Ақтау қаласы

1815

2.

Өмiрзақ ауылы

1815

Жаңаөзен қаласы

3.

Жаңаөзен қаласы

1165

4.

Қызылсай ауылы

1165

5.

Теңге ауылы

1165

Бейнеу ауданы

6.

Бейнеу ауылы

300

7.

Ақжiгiт ауылы

115

8.

Боранқұл ауылы

100

9.

Қаркөл ауылы

100

10.

Ноғайты ауылы

100

11.

Сам ауылы

100

12.

Сарға ауылы

115

13.

Сыңғырлау ауылы

115

14.

Тәжен ауылы

110

15.

Төлеп ауылы

110

16.

Тұрыш ауылы

100

Қарақия ауданы

17.

Жетiбай ауылы

335

18.

Мұнайшы ауылы

335

19.

Аққұдық ауылы

126

20.

Бостан ауылы

144

21.

Бостанкұм ауылы

135

22.

Кұланды ауылы

144

23.

Кұрық ауылы

445

24.

Қызылсу ауылы

135

25.

Сенек ауылы

144

26.

Төлеп ауылы

126

Маңғыстау ауданы

27.

Ақшымырау ауылы

140

28.

Басқұдық ауылы

105

29.

Боздақ ауылы

120

30.

Бекi ауылы

125

31.

Жарма ауылы

110

32.

Жармыш ауылы

140

33.

Жыңғылды ауылы

140

34.

Қияқты ауылы

100

35.

Қызан ауылы

140

36.

Онды ауылы

130

37.

Өтес ауылы

140

38.

15 бекет ауылы

105

39.

Сазды ауылы

110

40.

Тасмұрын ауылы

105

41.

Тиген ауылы

105

42.

Тұщыбек ауылы

110

43.

Тұщықұдық ауылы

140

44.

Ұштаған ауылы

145

45.

Шайыр ауылы

140

46.

Шебiр ауылы

140

47.

Шетпе ауылы

210

Мұнайлы ауданы

48.

Атамекен ауылы

660

49.

Басқұдық ауылы

770

50.

Батыр ауылы

440

51.

Баянды ауылы

710

52.

Емiр шағын елдi мекенi

115

53.

Дәулет ауылы

630

54.

Қызылтөбе ауылы

630

55.

Бiрлiк ауылы

630

56.

Маңғыстау ауылы

675

Түпқараған ауданы

57.

Форт Шевченко қаласы

670

58.

Баутин ауылы

690

59.

Ақшұқыр ауылы

870

60.

Қызылөзен ауылы

145

61.

Сайын Шапағатов ауылы

770

62.

Таушық ауылы

145