"Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 687 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 5319 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 835 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 24.06.2016 № 835 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы “22” желтоқсандағы
№ 687 қаулысымен бекітілген

"Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады.
      "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқысы субъектісінің құқықтарын "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі аудандық сәулет қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 120700, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Кок-шоқы мөлтек ауданы Исатай Әбдікәрімов көшесі №11.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
      1) Дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      12. Осы Ереже Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі аудандық сәулет және құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      сәулет және қала құрылысы саласын кешенді дамыту арқылы аудан халқының тіршілік етуіне қолайлы орта жасау .
      16. Міндеттері:
      1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру .
      17. Функциялары:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгеленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
      3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жасынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейінен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді іске асыру;
      5) салынып жатқан (салынуы белгеленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізу;
      6) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру:
      7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын аудан әкімдігінің бекітуіне ұсыну және іске асыру;
      8) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      9) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды және олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
      12) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      Құзырет шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      Қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      Жеке тұлгаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      Заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      Қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шиелі аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің бөлімінің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге дей ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.