"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 қазандағы № 207 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қазанда № 5179 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4856 болып тіркелген, “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде 2015 жылғы 23 ақпанда, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2015 жылғы 25 ақпанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру” деген бөлімде:
      21-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      “10-1) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енген ұйымдардан мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жауапты болады; ”.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев