"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 9 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 маусымда № 5005 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 12.05.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2978 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Парманов