"Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 857 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4920 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Шалқар ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-002-100 "Қоғамдық жұмыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруды іске асыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Данағұлов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 66 қаулысына қосымша

2015 жылға Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері


Мекемелер атауы
Жұмыс және қызмет түрлері.
Орындалатын жұмыс және қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері
Берілген сұраныс
Бекітілді
Қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
Қаржыландыру көздері.
Жұмыс орнының саны
Жұмыс орнының саны
1
"Шалқар қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі.
Шалқар қаласындағы көшелерді жинастыру, қоқыс шығару, ағаштарды кесу
 
80 км
60
50
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы.
Жергілікті бюджет есебінен қаржыланды-рылады.
2
"Инфраком-қызмет" ЖШС-гі
Шалқар қаласындағы көшелерді жинастыру, қоқыс шығару, ағаштарды кесу
95 км
70
58
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы.
Жергілікті бюджет есебінен қаржыланды-рылады
3
"Шалқар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" ММ-сі
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Карточкамен жұмыс.
5000 дана
13
13
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы.
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады
 
Барлығы:
 
 
143
121
 
 

      Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары. Жұмыс аптасының ұзақтығы, екі демалыс күндерімен бес күн құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс – бір сағат. Еңбегіне төленетін ақы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есепшоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.